Түркіменстандағы Сұлтан Санжар кесенесі

Түркіменстанның Мерв қаласындағы тарихи ескерткіш Селжүк сәулет өнерінің бірегей туындысы.

11 Ağustos 2021 12:48

Түрікменстандағы Тарихи Мерв қаласында, есімі түркі тарихында алтын әріптермен жазылған Ұлы Селжүк билеушісі Сұлтан Санжардың кесенесі орналасқан. Түркияның ұлттық телеарнасы ТРТ кесененің видеосын жариялады.

Тарихи ғимарат Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі тарапынан қайта қалпына келтірілді. Кесененің сыртқы күмбезі 1220 жылы Моңғол шапқыншылығы кезінде жойылып, бүгінгі күнге дейін сақталмады.

Тарихи деректерге сүйенсек күмбез көгілдір түсті кірпішпен қапталған болатын.
Кесене Селжүк түрік сәулетінің бірегей туындысы болып саналады.

 

Жаңалықтар