Түркіменстанның демалыс орталығы - "Аваза Ұлттық туризм ауданы"

Орталық, Каспий теңізінің шығыс жағалауында, Түркіменбашы қаласынан 12 шақырым алыстығында орналасқан.

25 Nisan 2021 14:28

Түркіменстанның "Аваза Ұлттық туризм ауданы" жобасының құрылысы 2007 жылы басталып, 2011 жылы аяқталды.

"Аваза" сөзі түрікменшеден "әндейтін толқындар" мәнін береді, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан демалыс орталығы тек ғана Түркіменстанның емес, бүкіл Орталық Азияның туризм орталығы болуды жоспарлауда.

Аваза туризм ауданының ең үлкен артықшылығы Каспий теңізінің таза ауасы, құмы, минералдары және табиғи ғажайыптары. 

5 мың гектарлық жерде салынған демалыс орталығында орман өсіру науқаны аясында мыңдаған көшет отырғызылған. Жаз және күзде Авазаға мыңдаған түрікмен және шетелдік туристер келуде.

Аваза орталығының аймағы логистикалық инфрақұрылымы, порты және аймақтың стратегиялық орналасуынан халықаралық сауда тұрғысынан да Түркіменстан үшін маңызды болып саналады.

Жаңалықтар