Түркіменстанның тәуелсіздік ескерткіші

Тәуелсіздік ескерткіші 2001 жылы, Түркіменстанның тәуелсіздігіне 10 жыл толғанына арнайы тұрғызылды.

02 Mayıs 2021 12:37

Түркіменстанның астанасы Ашхабадта орналасқан ескерткіштің дизайны елдің ұлттық мәдениетінден шабытталған. Жыл сайын көптеген жергілікті туристер ескерткішті көру үшін Ашхабадқа келеді.

Шатыр және түркімен қыздарының киетін "Гупба" деп аталатын бас киім түркімендердің мәдениетінде маңызды символдарынан бірі болып табылады. Бұл символдар ескерткіштің төменгі жағында бейнеленген.

Түркіменстанның солтүстік-шығысында орналасқан Дашоғуз қаласы да елдің аса маңызды тарихи жері. Тәуелсіздік ескерткішінің жасалуында бұл тарихи қаладан да шабыт алынған: ескерткіштің жоғарғы жағын Кутлуг Темірдің мұнарасына ұқсайды.

Ескерткіш бір мұнараның 27 метр биіктілігінде, 91 метрлік алтын жалатылған болат құрылымының үстінде тұрғызылған. Сонымен қатар, ескерткіштің қасында бақылау террассасы да бар.

Ғимараттың ішінде Түркіменстан тарихын бейнелейтін маңызды өнер туындыларыны ұсынатын көрме залдары бар.

Тәуелсіздік ескерткіші, Сапармұрат Түркіменбашиның мүсіні және түркімен басшыларының 27 батырлық мүсіндері орналасқан 84 мың 500 метрлік алаңда орын алуда.

Жаңалықтар