Түркіменстанның жаңа президенті Сердар Бердімұхамедов болды

Түркіменстанда өткен президенттік сайлауында 72,97% дауыс жинаған Сердар Бердімұхамедов жеңіске жетті.

15 Mart 2022 12:23

Түркіменстанның 6,2 миллион халқының ішінде тіркелген сайлаушылар саны  3 миллион 435 мың 950 болды.

Жалпы 9 кандидаттың ішінде дауыстардың 72,97 пайызына ие болған Сердар Бердімұхамедов елдің жаңа президенті болып таңдалды.

Бүкіл Түркіменстан бойынша құрылған 2577 сайлау учаскесінде дауыс берілді.

Жаңалықтар