15 Haziran 2021 00:32
2021 жылы Түркияда "Юнус Эмре және түрік тілі жылы" деп жарияланды. Оның құрметіне ТҮРКІСОЙ Халықаралық Ұйымының Бас Хатшылығында "Кел және маған қара" атты көрме ашылды. Көрмені Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі, Ұлттық білім министрлігі, түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы (ТҮРКІСОЙ), Юнус Эмре институты, Ататүрік атындағы жоғары мәдениет, тіл және тарих институты ұйымдастырды.
Көрмеде Юнус Эмренің философиясын бейнелейтін суреттер мен сол кездегі киімдер ұсынылды.
Көрменің ашылуына Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Сердар Чам, ұлттық білім министрлігінің өкілі Джем Генчоғлу, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов және құрметті қонақтар қатысты.
Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Сердар Чам Түркияның 81 провинциясы мен әлемнің 81 елінде "Юнус Эмре және түрік тілі жылы" аясында 1800-ден астам мәдени іс-шаралар ұйымдастырылатынын хабарлады. Сонымен қатар, іс-шара аясында қысқа метражды фильмдер фестивалі өтеді. Чам сондай-ақ Бельгияда "Сопылық" апталығы өтетінін, оның аясында "Юнус Эмре" ораториясы ұсынылатынын хабарлады.
Ұлттық білім министрлігінің өкілі Джем Генчоғлу түрік тектес көрнекті тұлғалар адамзат тарихында лайықты із қалдырғанын, олардың бірі Юнус Эмре екенін атап өтті.
Өз кезегінде ТҮРКІСОЙ Халықаралық Ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Юнус Эмре бүкіл түркі әлемі мен Анадолы жерінде ұлы мұра мен өшпес із қалдырғанын атап өтті.