Түркістан қаласы - түркі-ислам мәдениетінің алтын мұрасы

Түркістанның ең маңызды тарихи ескерткіші - Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мыңдаған туристердің көргісі келетін ұлы кешен.

11 Mayıs 2021 18:29

Екі мыңға жуық тарихы бар Түркістан қаласы, 2021 жылғы 31 наурызда Түрік Кеңесі мемлекеттері басшыларының бейресми саммитінде Түркі әлемінің рухани астанасы деп жарияланған.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Арыстан-баб кесенесі, сонымен қатар исламның алғашқы іздерін бейнелейтін ежелгі Отырар қаласындағы тарихи ғимараттар - жергілікті және шетелдік туристерді қатты қызықтырады.

Түркі әлемінің рухани көшбасшысы, Түркістанның символы ретінде танымал Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі ортағасырлық сәулет өнерінің маңызды туындыларының бірі болып саналады. 1389 жылы Әмір Темірдің бұйрығымен салынған кесененің құрылысында шеге еш қолданылмаған. Бұл сәулет кешені Орталық Азиядағы ең үлкен кірпіш күмбезді кесене.

Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі екі қабат және 35 бөлмеден тұрады.

"Тайқазан"

Тайқазан туралы білмейтін қазақ жоқ шығар. Бұл тарихи ескерткіштің диаметрі 2 метр 45 см болып, салмағы 2 тоннаға жуық. Тарихи деректерде жұма намазынан кейін адамдарға тайқазаннан емдік су таратылғаны атап өтіледі.

Ясауи Пайғамбар жасына жеткенде жер басып, күн мен айды көріп жүрмекті өз басына күнә санап, қылует тереңінде тірлік кешкен ғұлама ойшыл ақиреттік сапарға аттанған соң, араға екі ғасыр уақыт салып Әмір Темір қарапайым кесененің орнына қазіргі зәулім ғимаратты орнатты.

Қожа Ахмет Ясауи өзінің дүниетанымдық жүйесін "Диуани хикмет" (Даналық кітабы) атты жинағында топтаған. Ясауидің насихаттары бүкіл түркі әлемінің құнды мұрасы ретінде тарихта қалған.

 

Жаңалықтар