1150

Түркістан облысындағы шаруа қожалығында өрт: 1150 мал қырылды

Оқиға орнынан қойшының денесі табылды.

31 Ocak 2022 18:05

Ғимараттың бірінші қабатында қара мал, ал екінші қабатында шөп орналасқан болатын.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 40 минутта жеткен. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Өрт салдарынан 1 150 бас қой қырылып, 150 тонна шөп жанып кетті. Оқиға салдарынан қойшы қаза тапты.

Өрттен болған залалдың көлемі анықталуда.


 

Жаңалықтар