Түркістан - Түркі әлемінің рухани астанасы болып аталды

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі (Түркі Кеңесі) көшбасшыларының бейресми саммитінің қорытындысы бойынша декларация қабылданды.

31 Mart 2021 23:44

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен өткен бейресми саммитте Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы, кеңестің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан, түркітілдес елдер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев сөз сөйледі.

Түркі кеңесінің көшбасшылары баршаны табиғаттың жаңаруы мен жаңа өмірдің басталуын білдіретін көктемгі күн мен түннің теңелуін білдіретін Наурыз мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы прогрес атап өтілді.

Мемлекет басшылары Түркі әлеміндегі көпжақты қатынастардың дамуына жоғары баға беріп, түркі республикалары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге берік бейілділіктерін білдірді.

Әзірбайжан аумақтарын әскери оккупациядан босатуды жоғары бағалап, армян-әзірбайжан қақтығысының аяқталуына қанағаттанушылық білдіре отырып, көшбасшылар түркі әлеміндегі тығыз ынтымақтастық үшін ұзақ мерзімді пайымдар мен мақсаттар қоюға және стратегиялық бағдар қалыптастыруға бел буғанын растады.

Түркітілдес елдерінің президенттері Түркі Кеңесі құрылған сәттен бастап оның маңызды жетістіктерін атап өтті, түркі әлеміндегі ынтымақтастық пен үйлестірілген қызметті қамтамасыз етудегі, түркі халықтарының құндылықтары мен мүдделерін өңірлік және халықаралық аренада ілгерілету мен қолдаудағы кеңестің рөлін арттыру ниетін білдірді.

Мемлекеттер басшылары Түркі халықтарының татулығына, тұрақтылығына, қауіпсіздігі мен өркендеуіне ықпал ететін құрал ретінде көпжақты экономикалық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, Түркістан қаласының бүкіл түркі әлемін біріктірудегі рухани маңыздылығын мойындады.

Қорытынды декларацияда Қазақстанның тарихи Түркістан қаласы түркі әлемінің рухани астаналарының бірі болып жарияланды.

Сондай-ақ болашақта түркі әлемінің басқа да тарихи қалаларына ротация қағидаты негізінде осындай мәртебе беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Құжатта Түркі кеңесіне мүше елдердің өңірлік және халықаралық аренада түркі әлемінің құндылықтары мен мүдделерін ілгерілету мен қолдаудағы ұйымның рөлін күшейту ниеті расталған.

Сондай-ақ, декларацияда оккупациядан босатылған аудандарды қалпына келтіру, дамыту және біріктіру үшін Әзірбайжан Үкіметімен және халқымен ынтымақтастық баса айтылған.

Мәлімдемеде Түркі Кеңесіне аса өр мақсаттар қоюға, әсіресе көлік, кеден, энергетика және инфрақұрылым салаларында стратегиялық өңірлік жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретін экономикалық жағдайлардың маңыздылығы атап өтілген.

Декларацияда Әлішер Неваи (белгілі ақын және мемлекет қайраткері), Юсуф Баласағұни (ақын, философ және мемлекет қайраткері), Низами Генджеви, Юнус Эмре, Жамбыл Жабаев, Әлихан Бөкейхан, Хусеин Қарасаев және басқалары сияқты түркі әлемі тарихындағы әдеби, көркем, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми және мәдени өмірдің дамуына үлкен үлес қосқан көрнекті тұлғалардың есімдері аталған.

Мемлекет басшылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мен Түркі кеңесінің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа саммитке басшылық еткені үшін және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуді табысты өткізгені үшін алғыс білдірді.

Декларация онлайн түрде Әзірбайжан, қазақ, қырғыз, түрік және өзбек тілдерінде қабылданды.

Жаңалықтар