Түркістан әуежайынан ұшатын алғашқы халықаралық рейс

Қазақстанның Түркістан қаласында ашылған су жаңа әуежайдың бірінші халықаралық рейсі 21-ші наурыз күні Түркияға жасалынады.

05 Mart 2021 15:15

Қазақстанның Азаматтық авиация комитетінің мәлімдемесінде, Түркістан әуежайынан ұшатын алғашқы халықаралық рейстерге билет сатыла бастағаны хабарланған.

Мәлімдемеде 2020 жылдың 1 желтоқсанында пайдалануға ашылған әуежайдан алғашқы халықаралық рейсі 21 наурызда Түркияға жасалатыны хабарланды.

"Түркістан-Ыстамбұл-Түркістан бағыты бойынша алғашқы халықаралық рейсті Fly Arystan әуе компаниясы орындайды.

Түркістан және Ыстамбұл қалалары арасында тұрақты әуе қатынасы аптасына 2 рет (жұма, жексенбі күндері) А-320 әуе кемесімен орындалады. Кейін аптасына 7 рейске дейін (күн сайын) ұлғайтылмақ делінген хабарламада.

Anahtar Kelimeler: Түркістан, Ыстамбұл, әуежай,

Жаңалықтар