Түркістанда ашылған су жаңа әуежайдың бірінші халықаралық рейсі Түркияға жасалды

Түркістан-Ыстамбұл бағыты бойынша алғашқы халықаралық рейс бірінші рет бүгін іске асырылды

22 Mart 2021 00:12

Қазақстанның Азаматтық авиация комитетінің мәлімдемесіне сәйкес, Түркістан халықаралық әуежайынан Ыстамбұл бағыты бойынша алғашқы шетелдік рейсті Fly Arystan әуекомпаниясы "А-320" типті ұшақпен іске асырды.


Түркістан және Ыстамбұл қалалары арасында тұрақты әуе қатынасы аптасына 2 рет (жұма, жексенбі күндері) А-320 әуе кемесімен орындалады. Кейін аптасына 7 рейске дейін (күн сайын) ұлғайтылмақ делінген хабарламада.

Қазақстанның жаңа халықаралық әуежайы қала орталығынан 16 шақырым алыстығында орналасқан.

Әуежайдың жалпы жер көлемі 905 гектар, Қазақстан тарихында іргетасы жаңадан салынған алғашқы халықаралық әуежай болып табылады.

Airbus "A 340", Boeing "700" сияқты ұшақтардың түрлеріне жарамды ұшу-қону жолағының ұзындығы мен ені болған әуежай, бір уақытта 9 ұшақты қабылдай алады.

Anahtar Kelimeler: Түркістан, Халықаралық әуежай,

Жаңалықтар