Түркістанда түркітілдес елдерінің жастары бас қосты

Қазақстанның Түркістан қаласында "Түркістан түркі әлемінің алтын бесігі" атты халықаралық жастар форумы өтті.

23 Haziran 2021 17:45

Қазақстанның Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі ұйымдастырған форумға Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, сондай-ақ басқа да түркітілдес республикаларынан 200-ден астам өкіл қатысты.

Форумның ашылуына бейнеконференция арқылы қатысқан Қазақстан Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев түркі әлемінің түрлі елдерінің өкілдеріне Түркістанның тарихи маңызы туралы айтып берді.

Әшімбаев Түркістанның біріктіруші рөл атқаратынын атап өтіп, бұл тұрғыда әсіресе жастар арасында өзара ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Форум аясында бірлескен жастар лагерлерін ұйымдастыру, Түркістанды түркі әлемінің рухани және мәдени астанасы ретінде енгізуге сәйкес жастар ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды.


Үш күндік форум аясында Түркістанның қасиетті және мәдени нысандары көрсетіліп, ғылыми семинарлар мен кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Форум "Түркі әлемінің жастары" саябағының ашылу рәсімімен аяқталды.

Жаңалықтар