Түркітілдес елдер кеңесі энергетика мәселесі жөнінде жиналады

Түркітілдес елдер ынтымақтастығы кеңесінің (Түрік Кеңесі) энергетика министрлері ертең алғаш рет энергетика саласындағы ынтымақтастық мақсатымен кездесетін болады.

23 Şubat 2021 11:28

Кеңестің жазбаша мәлімдемесіне сәйкес, Түрік Кеңесі экономика, сауда, денсаулық сақтау, білім беру және туризм сияқты салаларға энергетикалық мәселені де қосады.

Осыған байланысты Түрік Кеңесінің энергетика министрлері ертең бейнеконференция арқылы кездеседі.

Түрік Кеңесінің қазіргі төрағасы Әзірбайжанның Энергетика министрі Парвиз Шахбазов және Түрік Кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев бейнеконференцияда кіріспе сөзін айтатын болады. Кездесуде Түрік кеңесі елдерінің энергетика саласындағы жасалынатын жаңа қадамдары талқыланады.

Сондай-ақ кездесуде Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Донмез, Қазақстанның Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, Қырғызстанның Энергетика және өнеркәсіп министрі Кубанічбек Турдубаев, Өзбекстанның Энергетика министрі Алишир Сұлтанов және Мажарстанның инновациялар және технологиялар министрлігінің энергетикалық саясат жөніндегі мемлекеттік министрі Аттила Штайнер де сөз алатын болады.

Түрік Кеңесінің энергетика министрлері жаңартылатын энергия мәселесін дамыту үшін қолайлы инвестициялық жағдайды қамтамасыз ету, энергия тиімділігі мен озық энергетикалық технологиялар саласындағы озық тәжірибелермен алмасу, кеңестің мүше мемлекеттерінде өндірілетін мұнай-химия өнімдерін шетелге тарату арналарын құру, газ және электр қуатымен жұмыс істейтін автокөліктерді дамыту секілді маңынызды тақырыптар талқыланады.

Жаңалықтар