31 Aralık 2021 17:14
Ту әр мемлекеттің егемендік пен біртұтастығын білдіретін басты рәміздерінің бірі болып табылады.
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың белгісі ретінде қабылданған. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркі халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Дала адамдары үшін бұл бостандықтың, тәуелсіздіктің, мақсатқа, биікке, болашаққа ұмтылушылықтың белгісі. Бұған қоса, қыранның күш-қуаты көп, ол оның болашаққа жетуіне кедергі келтірген кез келген дұшпанына қарсы тұра алады.
Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді. Мұнда қазақтың «қошқар мүйіз» оюы бейнеленген.
Түркия
Ұлттық тү түрік елінің қасиетті рәміздерінің бірі, ғасырлар бойы түріктерді біріктіретін ұлттық символ болып табылады. Жұлдыз және жарты аймен безендірілген жалаудың дизайны қысқа және мәнерлі: ақ жұқа жарты ай және тек бір жұлдыз, ал фон үшін таза қызыл түс таңдалған. Халық ішінде ту "al bayrak" яғни "қызыл жалау" деп аталады.
Әзербайжан
Әзербайжан Республикасының үкіметі ту туралы алғашқы қаулысын 1918 жылы қабылдады. Кеңес Одағының ыдырауымен Тәуелсіздігін алғаннан кейін Әзербайжан 1991 жылы аталған туды қайтадан Ұлттық жалау ретінде қабылдады.
Елдің туы көк аспан түсті, қызыл және жасыл көлденең тұрған жолақтардан тұрады. Қызыл фонда оңға қарай ақ түсте жарты ай және сегіз бұрышты жұлдыз бейнеленген.
Тудағы аспанның түсі түркі өркениетін, жасыл түсі - ислам діні, ал қызыл - халықтың өркениетті білдіреді.
9 қараша күні Әзербайжанда мемлекеттік ту күні ретінде аталып өтіледі.
Қырғызстан
Қырғызстанның туы қызыл түсте, ортасында киіз үйді бейнелейтін алтын күн және одан шыққын 40 күн сәулесі бейнеленген. Тудың авторлары - Еділ Айдарбеков, Бекбосын Жайшыбеков, Сабыр Иптаров, Жүсіп Матаев және Маматбек Сыдықов. Елде мемлекеттік ту күні 2010 жылдан бастап 3 наурыз күні аталып өтіледі.
Айта кетейік, Қырғызстанның Президенті Садыр Жапаров мемлекеттік ту бекітілгеніне 29 жыл толуына орай сөйлеген сөзінде, қызыл ту елдің тәуелсіздігі мен бостандығын, қырғызстандықтардың рухани құндылықтары мен тарихи жолын бейнелейтінін атап өтіп, елдің болашағы үшін халықтың біртұтас ту астында бірігуі тиіс екенін айтқан болатын.
Өзбекстан
Өзбекстан туының символдық мәні туралы көптеген теориялар алға тартылады. Олардың біріне сәйкес, 12 жұлдыз Өзбекстан аймақтарын білдіреді; көк түс - түркі өркениеттің, ақ түс - әділеттіліктің, ал жасыл түс - қонақжайлылықтың символы ретінде қабылданады. Екі жұқа қызыл сызық - "мықты болу", ал жарты ай - "жаңару" әрекеттерін бейнелейді.
Түрікменстан
Түрікменстан туының сол жағында қалың жолақ түрінде созылған "түрікмен кілемінің" мотиві орналасқан. Түрікмен кілемі мен жасыл түс түрікмен тарихын бейнелейді.
Диагональ бойынша орналасқан жарты ай болашақты білдіреді, бес жұлдыз - түрікмен аймақтарын, ал кілем мотивтері - түрікмен руларының символы ретінде қабылданған.
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы
СКТР жалауының ортасында бейнеленген ай жұлдыз түркі өркениетінің белгісі ретінде орын алған. Тудың жоғары жағындағы қызыл жолақ Түркияны, төмеңгі жақта орналасқан жолақ СКТР - ны білдіреді.