30

"Түркітілдес мемлекеттердің тәуелсіздігіне 30 жыл" фотокөрмесі Хатайда ашылды

Көрмеде түркі әлемінің жетекші суретшілерінің қаламынан салынған Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстанның табиғаты, тарихы, мәдениеті және өнері бейнеленген суреттер ұсынылған.

02 Nisan 2021 23:20

Көрменің ашылуына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Әзірбайжан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілері қатысты.

Хатай облысының әкімі Рахми Доған түркітілдес елдер арасындағы бірлік пен келісімге баса назар аудара отырып, түркітілдес елдер арасындағы байланыстарды одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті. Доған көрменің ашылуына келіп, бауырластық дәстүрлерді нығайтқан елшілерге алғысын білдірді.

ТҮРКІСОЙ Халықаралық Ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейнов ежелгі өркениет қаласы саналатын Хатай қаласында Түркітілдес мемлекеттер Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотокөрменің ашылуы үлкен қуаныш екенін атап өтті.

"Біздің тәуелсіз мемлекеттеріміздің соңғы 30 жылда табысқа қол жеткізгені біз үшін үлкен бақыт. ТҮРКІСОЙ ұйымына мүше мемлекеттерді қолдауды және біздің халықтарымыздың арасындағы мәдени және көркем серіктестікті дамытуға бағытталған көптеген жобаларды іске асыру үшін зор күш-жігер жұмсауды жалғастырады", - деді Қасейнов. Түркияға бауырлас мемлекеттерді қолдағаны үшін алғыс айтқан Бас хатшы бауырластық байланыстар күн сайын нығайып, жаңа жобалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Әзірбайжан Республикасының Түркиядағы Елшісі Хазар Ибрагим түрік және әзірбайжан халықтары бір ұлт, екі мемлекет екенін атап өтті.

Қырғыз Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кубанычбек Өмірәлиев осыдан тура 30 жыл бұрын түркітілдес мемлекеттер өздерінің бостандығын, егемендігі мен тәуелсіздігін жариялап, тарихта жаңа бет ашқанын атап өтті.

Өзбекстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлішер Азамқожаев пен Түркіменстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Исханқули Аманалиев түркітілдес елдерінің арасындағы бауырластықты, бірлік пен ынтымақты атап өтті.

"Түркітілдес мемлекеттердің тәуелсіздігіне 30 жыл" фотокөрмесін ТҮРКІСОЙ халықаралық ұйымы мен Хатай әкімшілігі ұйымдастырды.

Көрмеде Түркі әлемінің жетекші суретшілерінің қаламынан салынған Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстанның табиғаты, тарихи, мәдениеті және өнері бейнеленген суреттер ұсынылған.

Жаңалықтар