2020-100

Түркияға 2020 жылы тіс емдеу үшін 100 мыңнан астам адам келді

Түркия жыл сайын мыңдаған шетелдік туристерді елдегі денсаулық сақтау саласындағы инновациялық қызметымен, озық технологиялары мен мүмкіндіктері арқылы қызықтырады. Медициналық туризмге деген қызығушылық жыл сайын артып келуде.

22 Mart 2021 16:03

Түркия медициналық туризм бойынша әлемнің жетекші 10 елінің қатарына кіреді.
Шаш трансплантациясы, эстетика, ЭКО ұрықтандыру Түркияда талап көретін медициналық қызметтерінің тізімін басқарады. Сұранысқа ие салалар олармен шектелмейді.

Еуропадан келген науқастардың арасында стоматологиялық емдеу ең көп сұранысқа ие

2020 жылдың мәліметтеріне сәйкес, шетелдік 100 мың турист стоматологиялық емдеу үшін Түркияны таңдады.

Түркияны таңдаған елдердің басында денсаулық сақтау жүйесіндегі проблемаларға байланысты Еуропа елдері тұр.

"Біздің еліміз қаржылық тұрғыдан қолайлы деп саналады"

Тіс дәрігері Шейма Атач, медициналық туризмде ең көп Түркияның таңдалуы туралы осылай дейді:

"Еуропада Денсаулық сақтау жүйесінде де, стоматологиялық салада да қиыншылықтар бар, еуропалықтар біздің елімізді қаржылық тұрғыдан қолайлы деп санайды және денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерімізге байланысты Түркияда берілетін медициналық қызметті артық көреді."

"Емделу және демалу"

Эстетикалық тіс толтыру, имплантат, ортодонтия, күлкі эстетикасы және протездер - ең көп таңдалатын медициналық қызметтер, әсіресе күлкі эстетикасы соңғы уақытта үлкен сұранысқа ие.
Түркияға келетін науқастар әрі емделеді әрі демалып, саяхат жасайды.

Anahtar Kelimeler: Медициналық туризм,

Жаңалықтар