Түркия Қазақстандағы көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсетті

Түркияның діни қоры Рамазан айының жақындауына байланысты Қазақстандағы мұқтаж отбасыларға көмек пакеттерін таратты.

29 Mart 2022 17:53

Нұр-Сұлтан қаласындағы нашар көретіндерге арналған кітапханада өткен тапсыру рәсіміне Түркияның Нұр-Сұлтандағы Діни кеңесшісі, доктор Нешет Бодур да қатысты.

Рәсім аясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Өскемен, Түркістан және Шымкент қалаларында таратылатын көмек пакеттері тапсырылды.

Бодурдың айтуынша, биыл Қазақстанда 5 мың кісіге ауызашар ұйымдастырылуы жоспарлануда.


 

Жаңалықтар