1

Түркия азаматтары 1 сәуірден бастап Әзірбайжанға жеке куәлікпен саяхат жасай алады

Түркия мен Әзірбайжан азаматтары екі ел арасында 1 сәуірден бастап паспортсыз саяхат жасай алатын болады

17 Mart 2021 10:52

Түркия мен Әзірбайжан азаматтары екі ел арасында тек ғана жеке куәлік арқылы саяхат жасай алады, деп хабарланады Түркияның Қауіпсіздік Бас Басқармасының жасаған мәлімдемесінде.

Жаңа ереже 1 сәуірден бастап күшіне енетіні белгілі болды.

2021 жылдың 1 сәуірінен бастап екі елдің азаматтары жаңа үлгідегі жеке куәліктермен өзара сапарларға шыға алады. Визасыз мерзім 30 күннен 90 күнге дейін ұзартылды.

Айта кетейік, бұған дейін бұл мәліметті Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу әлеуметтік медиа парақшасында да хабарлаған.

Жаңалықтар