Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Сыртқы істер комитеті "Шуша Декларациясын" қабылдады

"Ақ" партияның Ыстанбұл қаласы атынан дупетаты Акиф Шағатай Кылыч төрағалағындағы комитеттің отырысына Түркияның Сыртқы істер министрінің орынбасары Явуз Селим Қыран да қатысты.

03 Şubat 2022 15:42

Қыран Кавказ аймағының стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, аймақтағы оқиғалар Түркия мен Әзербайжанның мүдделерімен тығыз байланысты екенін атап өтті.

"Әзербайжан мен Түркия екі мемлекет, бірақ бір ұлт. Елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін ұстап тұруға зор маңыз береміз. Әзербайжан Түркияға 20 миллиард доллардан астам инвестиция салды, ал Түркияның Әзербайжанға тартқан инвестициялардың саны 12 миллиард доллардан асты. Біз әскери және басқа да салаларда бірқатар келісімдерге қол қойдық. Бірлескен әскери оқу-жаттығулардың ауқымын кеңейттік," - деді Түркияның Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Депутаттардың сұрақтарына жауап берген Қыран Қарабақта 132 шаршы шақырым минадан тазартылғанын және бұл бағыттағы күш-жігер жалғасатынын айтты. Сонымен қатар Сыртқы істер министрінің орынбасары Қарабақ аймағын қалпына келтіру ісімен айналасатын тоғыз компания қызмет атқарып келе жатқанын хабарлады.

Келіссөздерден кейін Түркия Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар жөніндегі "Шуша декларациясын" бекіту туралы заң жобасы қабылданды.

Жаңалықтар