Түркия мен Қырғызстан СІМ басшыларының кездесуі қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясы өткізілді

Түркияның Сыртқы істер министрі Чавушоглу қырғызстандық әріптесі Қазақбаевпен кездесті

10 Mart 2021 17:51

Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Түркіменстан және Өзбекстанға іске асырылған ресми сапарларыннан кейін Қырғызстанға келді деп мәлімденді.
Чавушоглуны Қырғызстан Республикасының президенті Садыр Жапаров және премьер-министр Улугбек Марипов қабылдады.
Сонымен қатар министр, қырғыз әріптесі Руслан Қазақбаевпен кездесті. Екі министр Түркия мен Қырғызстан арасындағы "2021-2022 серіктестік және ынтымақтастық" жарлығына қол қойды.

Чавушоглу екі ел арасындағы сауда қатынастарын дамығанын хабарлады. Ол Қырғызстанмен қысқа мерзімде тауар айналымын  1 миллиард долларға дейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Түркияның Сыртқы істер министрі ФЕТО-ның (Фетуллахшы террористтік ұйымы) қауіптілігін атап өтіп, "ФЕТО тек Түркияға ғана емес, Қырғызстанға да қауіп төндіреді" – деп ескертті.

Сонымен бірге Чавушоглу, қырғызстандық әріптесімен стратегиялық жоспарлау тобының бірлескен отырысын өткізгенін атап өтіп: "Бұл топтың мақсаты-жоғары деңгейдегі стратегиялық кеңестің отырысын дайындау. Біз Бішкекте төртінші саммит өткіздік, ал бесінші саммитті Қырғызстандағы сайлаудан кейін Түркияда Жапаров мырзаны қарсы алып, өткізгіміз келеді деп үміттенемін." - деді.

Түркияның Сыртқы істер министрлігінің басшысы Ковид-19 эпидемиясына қарамастан екі ел арасындағы сауда көлемінің төмендемегенін айтып, "Бұл сауда айналымының 1 миллиард долларға оңай қол жеткізе алатынын көрсеткіші"- деп жалғастырды.

Сонымен қатар, Түркияның бауырлас қырғыз халқына қажетті медициналық керек-жарақтарды жеткізгенін атап өткен Чавушоглу, Қырғызстанның індетке қарсы күрес әдістерін жоғары бағалады.

Чавушоглу, екі елдің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтқысы келетінін, қырғыз-түрік ауруханасының пайдалануға берілу жоспарлаы туралы айтты.

Министрлердің ресми кездесуі барысында Мевлют Чавушоглу мырза "Халықаралық ынтымақтастықты нығайту" медалімен марапатталды.

Anahtar Kelimeler: Чавушоглу, Қырғызстан, ресми сапар,

Жаңалықтар