1

Түркия мен Әзірбайжан арасындағы паспортсыз саяхат ету рұқсаты 1 сәуірден бастап енгізіледі

Түркияның Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеметінше Түркия мен Әзірбайжан арасындағы "Жеке куәлікпен саяхат ету туралы хаттамасының" ішкі бекіту процесі аяқталып, 1 сәуірден бастап күшіне енеді.

30 Mart 2021 00:05

Түркия мен Әзірбайжан үкіметтері арасындағы хаттаманы бекіту процесі аяқталды, оған сәйкес екі елдің азаматтары жеке куәліктерін қолдана отырып, өзара сапарларға шыға алады, делінген Түркия СІМ хабарламасында.

Хабарламаға сәйкес, екі ел де 2020 жылдың 10-ші желтоқсанында Бакуде қол қойылған хаттаманы бекіту процесін аяқтады.

Хаттама 2021 жылдың бірінші сәуірінде күшіне енеді. Осы күннен бастап өзара сапарлар кезінде Түркия мен Әзірбайжан азаматтары жаңа үлгідегі жеке куәлікті қолдана отырып, екі ел арасында саяхат ете алады.

"2021 жылдың бірінші сәуірінде күшіне енетін жаңа ережелер "екі мемлекет, бір ұлт" қағидаты бойынша бауырластық байланыстардың одан әрі нығаюына ықпал етеді."- делінген хабарламада.

 

Жаңалықтар