Түркия президентінің орынбасары Фуат Оқтай ресми сапармен Қазақстанда

Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың шақыруымен Түркия Президентінің орынбасары Оқтай жұмыс сапарымен Қазақстанға келді.

03 Mart 2022 18:05

Қазақстанның бас қаласына келген Оқтайды ҚР Өнеркәсіп және инфрақұрылымды дамыту министрі Қайырбек Өскенбаев, ҚР Түркиядағы өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы және Түркияның Қазақстандағы өкілетті елшісі Уфук Экиджи қарсы алды.

Фуат Оқтай мен бірге Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Қазақстан парламенттік тобының төрағасы Мехмет Али Жевхери, елдің Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Сердар Чам, Энергетика және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Шереф Калайджы, Ауыл және орман шаруашылығы министрінің орынбасары Фатих Метин, Сауда министрінің орынбасары Сезай Учармак, Көлік және инфрақұрылым министрінің орынбасары Селим Дурсун және Түркия кәсіпкерлерінің жеке қауымдастығының (MÜSİAD) басшысы Махмут Асмалы келді.

Сапар аясында Түркия президентінің орынбасары Түркия мен Қазақстан арасындағы аралас экономикалық комиссияның 12-ші отырысына қатысады. Содан кейін ол екі ел арасындағы қатынастарды жеделдетуге бағытталған сауда, өнеркәсіп, энергетика, көлік, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және туризм салаларына қатысты хаттамаларға қол қою рәсімдеріне қатысады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оқтайды қабылдауы күтілуде.

Сонымен қатар Оқтайдың Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттерімен кездесуі жоспарлануда. Түркия президентінің орынбасары бұл жерде "түрік-қазақ қатынастарының экономикалық және саяси дамуы" атты конференцияда сөз сөйлейді.

Жаңалықтар