Түркия Президентінің орынбасары Фуат Октай Қазақстан Премьер-Министрдің орынбасары-Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті

Түркия Президентінің орынбасары Фуат Октай Қазақстан Премьер-Министрдің орынбасары-Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мырзаны қабылдады

17 Mart 2021 20:56

Ресми кездесу Түркияның президенттік сарайында іске асырылды. Октай, Қазақстан тәуелсіздігінің 30-жылдығын құттықтай отырып, екі ел арасындағы қатынастарының дамыту жолында жаңа қадамдар жасалуы тиіс екенін айтты.

Октай Түркия-Қазақстан арасындағы инвестициялық әлеуетін тым үлкен екенін атап өтіп, қорғаныс, фармацевтика, ақпараттық технологиялар және энергетика салаларында өзара мүдделерге сәйкес ынтымақтастық орнату мүмкін екенін ескертті.

Сондай-ақ 31 наурызға жоспарланған Түркітілдес елдер ынтымақтастығы кеңесінің (Түркі Кеңесі) отырысы екі ел басшыларының бірқатар мәселелерді шешуде маңызды рол атқаратынын хабарлады.

Кездесуде Тілеуберді Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның Түрік Кеңесінің отырысына қатысуына қуанышты болғанын атап өтті.

Қазақстанның жерасты ресурстарына бай болғаны, ал Түркияның технологиялық инфрақұрылымы болғанын ескерткен Тілеуберді, Аралас экономикалық комиссиясының осы мағынада маңызды платформа ретінде қолдана алынатынын мәлімдеді.

 

Anahtar Kelimeler: Тілеуберді, Октай,

Жаңалықтар