Түркия Президентінің орынбасары Фуат Октай Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің студенттерімен кездесті

Түркия Президентінің орынбасары Фуат Октай Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің студенттерімен кездесті.

05 Mart 2022 22:59

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне Түркия Республикасының вице-президенті Фуат Октай арнайы қонақ болды.

Кездесуге Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Өкілетті Кеңесінің Төрағасы, профессор Мухиттин Шимшек, университет ректоры Жанар Темірбекова, Ректор Өкілі, профессор Женгиз Томар және оқытушы-прфессор құрамы мен студенттер қатысты.

Университет ректоры Жанар Темірбекова және Ректор Өкілі Женгиз Томар кіріспен сөзін сөйлеп, Фуат Октайға Қазақстанға іске асырған сапары үшін алғысын білдірді.

Университет Сенатының шешімімен қадірменді қонақ Фуат Октай мырзаға білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін «Құрметті профессор» академиялық атағы берілді.

Октай: «Сіздердің университеттеріңіздің «Құрметті профессоры» атандым. Ауласына ағаш отырғыздым. Мен де осы университет ұжымының бір мүшесі болдым» - деді. 

Сонымен қатар  Октай мырза Халықаралық Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің іске асып жатқан жарқын жобалар мен қарқынды жұмыстарына жоғары баға беріп, білім-ғылым ұясының өркендей беруіне тілектестігін жеткізді.

Университетте Балқаннан Якутияға дейін, Башқұртстаннан Моңғолияға дейін, Татарстаннан Мажарстан мен Қырғызстанға дейін түркі әлемінің студенттерінің білім алуының маңыздылығын атап өтіп, сөзін осылай жалғастырды:

"Мұндай университеттерде халқының тарихын білетін, әлемге айтар сөзі бар, өзіне деген жоғары сенімі болатын, мыңдаған тарихты білетін, тек Анадолыға ғана емес, Алтай даласына, Тәңір тауларының шыңдарына, Орхун, Қырым, Сараевоны білетін, түсінетін зиялы қауымның профилі білім алып келеді, болашақ олардың қолында." 

Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығыс туралы да пікірін білдірген Октай: "Аймақтағы әл-ауқат, тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселесінде Түркия мен Қазақстанның рөлі зор. Сирия мен Ирак дағдарысы кезінде дін, тіл, нәсілдік дискриминациясыз босқындарға есігін айқара ашқан ел ретінде, біз бүгін болып жатқан оқиларды қайғыра бақылаудамыз. Соғыс қай жерде болса да соғыс, әр бір адамның өмір сүру құқығы қасиетті. Таяу Шығыстағы, Ауғанстандағы, Африкадағы шиеленістер мен гуманитарлық дағдарыстарды әдеттегі жағдай ретінде қабылдануы мүмкін емес." - деді.

Айта кетейік, алдымен Қазақстанның бас қаласына келген Октайды ҚР Өнеркәсіп және инфрақұрылымды дамыту министрі Қайырбек Өскенбаев, ҚР Түркиядағы өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы және Түркияның Қазақстандағы өкілетті елшісі Уфук Экиджи қарсы алды.

Фуат Октай мен бірге Қазақстанға Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Қазақстан парламенттік тобының төрағасы Мехмет Али Жевхери, елдің Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Сердар Чам, Энергетика және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Шереф Калайджы, Ауыл және орман шаруашылығы министрінің орынбасары Фатих Метин, Сауда министрінің орынбасары Сезай Учармак, Көлік және инфрақұрылым министрінің орынбасары Селим Дурсун және Түркия кәсіпкерлерінің жеке қауымдастығының (MÜSİAD) басшысы Махмут Асмалы келді.

Елімізге ресми сапармен келген Октайды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады.

 

Жаңалықтар