Түркия Президентінің орынбасары Фуат Октай түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанда

Түркия Президентінің орынбасары Фуат Октай Нұр-Сұлтан қаласына іске асырған ресми сапарынан кейін киелі Түркістанға барды.

05 Mart 2022 23:00

Түркістанға іске асырған сапары кезінде Октаймен бірге Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев және Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті Кеңесінің Төрағасы, профессор Мухиттин Шимшек де болды.

Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттерімен кездескен Фуат Октайға университет Сенатының шешімімен білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін «Құрметті профессор» академиялық атағы берілді.

Октай: «Сіздердің университеттеріңіздің «Құрметті профессоры» атандым. Ауласына ағаш отырғыздым. Мен де осы университет ұжымының бір мүшесі болдым» - деді. 

Түркия Президентінің орынбасары қасиетті Қожа Ахмет Ясауи кесенесіні зиярат етіп, дуға жасады.

Сондай-ақ, Октай Қазақстан тарихын баяндайтын 8Д "Алтын Самұрық" театрына да барды.

Жаңалықтар