5

Түркия, сауда көлемі бойынша Қазақстанның 5-ші ең ірі серіктесі болды

Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитеті осы жылдың қаңтар-маусым айларындағы елдің сыртқы саудасы бойынша деректерді жариялады.

03 Ağustos 2021 21:31

Тиісінше, осы жылдың алғашқы 6 айында Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 пайызға төмендеп, 34 миллиард 383,3 миллион доллардан 33 миллиард 790,9 миллион долларға дейін түсті.

Алғашқы 6 айда елдің экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 пайызға түсіп, 23 миллиард 428 миллион долларға дейін төмендеді, ал импорт 2,2 пайызға түсіп, 10 миллиард 362,8 миллион долларға дейін төмендеді.

Аталған кезеңге сәйкес Қазақстанның 180 елдің ішінде ең көп сауда жасайтын елдер тізімінде 8 миллиард 581,6 миллион доллармен Ресей, 8 миллиард 307,4 миллион доллармен Қытай, 3 миллиард 902,3 миллион доллармен Италия, 2 миллиард 277,3 миллион доллармен Нидерланды және 1 миллиард 788 миллион доллармен Түркия орын алды.

Айта кетейік, осыдан бұрын алтыншы орында болған Түркия, еліміздің сауда серіктестігі бойынша енді 5-ші орынға көтерілді.

Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3 пайызға өсіп, 1 миллиард 788 миллион долларды құрады. 2020 жылғы қаңтар-маусым айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 1 миллиард 698,4 миллион долларды құраған болатын.

Биылғы жылдың алғаш 6 айында жалпы экспорттың 70 пайызын минералды өнімдер, 16,7 пайызын металл өнімдері, 6,3 пайызын азық-түлік және мал шаруашылығы, 48,9 пайызын машиналар мен жабдықтар, 18,2 пайызын химиялық өнімдер алды.

Жаңалықтар