Түркия-Түркітілдес елдері арасындағы қарым-қатынастар дамуда

Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу 5-10 наурыз аралығында Орта Азияға жасалынған ресми сапарлар бойынша қорытынды жасады.

11 Mart 2021 21:14

Түркі Республикалары 2021 жылы тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде. Түркия бұл республикалардың тәуелсіздігін 1991 жылы бірінші болып мойындады, сондықтан Түркияның Сыртқы істер министрінің осы жылдың басындағы жасаған сапары өте маңызды болып саналады.
Сонымен қатар бұл сапар Әзірбайжанның көптеген жылдар бойы жаулап алынған жерлерін босатқаннан кейін жасалды. Қарабақ соғысы кезіндегі Анкара мен Бакудың ынтымақтастығы барлық түркі республикалары үшін жақсы үлгі болды.

Неліктен Орта Азия елдерінің бірі Қазақстанға сапар жасалмады деген сұрақ туса: Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның 31 Наурызда Қазақстанға ресми сапармен келгені күтілуде. Екінші жағынан, Түркияның Түркіменстан және Өзбекстанмен қарым-қатынастары соңғы жылдары ғана дами бастады. Түркі республикаларының бірі Қырғызстанмен қарым-қатынас FETO факторының көлеңкесінде қалған еді. Қазақстанға келетін болсақ, бұл Түркияның Әзірбайжаннан кейінгі ең тығыз байланысы болған ел. Сондықтан Чавушоғлудың бұл сапар арқылы қатынастардың дамуын бағалау тұрғысынан да, алдағы жылдарға жол картасын жасау тұрғысынан да, қатынастарды жаңа деңгейге көтеру тұрғысынан да маңызды оқиға болды.


Чавушоғлу Орта Азияға жасаған сапар аясында бірінші Түркіменстанға келді. Екіжақты саммит, сондай-ақ Түркия-Әзірбайжан-Түркіменстан үшжақты саммитін іске асырылуы экономиканы, энергетиканы, көлікті бірлесіп дамытуды көздейді, логистика саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою жоспарланған. Екі ел арасындағы сауда көлемі 2018 жылы бүкіл әлемге таралған экономикалық дағдарыстың салдарынан төмендегенімен, 2019 жылы қайтадан өсе бастады (шамамен 1,5 миллиард доллар) және пандемияға қарамастан 2020 жылы өсуді жалғастырды.

Алайда, Түркия соңғы 30 жыл ішінде Түркіменстанда 50 миллиард долларға жуық мыңдаған жобаларды жүзеге асырды. Түркіменстан барлық әуе және жүк көліктеріне жабық болса да, түрік әуе жолдары (THY) Түрікменабатқа ұшуды бастайды.


Өзбекстанға жасалған сапар, тараптардың екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға зор мән беретінін көрсетеді. Сонымен қатар, Түркияның Самарқанда бас консулдықты ашқаны ең үлкен көрсеткіш. Өзбекстанның тарихи қалалары: Самарқан, Бұхара және Хивадағы туристік инфрақұрылымды дамытуға түрік компанияларының белсенді қатысуы инвестициялық және туристік салалардағы ынтымақтастықты нығайтады. Сапар қарсаңында Ташкенттегі елшілікке тағайындалған тәжірибелі дипломат Олган Бекар да екіжақты ынтымақтастықты жеделдететіні күтілуде. Өзбекстанға жасалған сапар барысында, Мевлют Чавушоғлу туристер санының артуы өте маңызды екенін атап өтті. Осы тұрғыда "Мендирман Жалаледдин" (мен Жалаледдинмін) бірлескен телехиқаяның түсірілімі және оның Өзбекстандағы шығарылымы қарым-қатынасқа айтарлықтай үлес қосады. Сапар барысында аймақтық даму және өсіп келе жатқан экономикалық қатынастар сияқты мәселелер талқыланғанымен, бұл мәселелер осы жылға жоспарланған президент Режеп Тайып Ердоғанның Өзбекстанға сапары кезінде егжей-тегжейлі талқыланады, деп шешілді. Атап айтқанда, көптеген елдер Қарабақ соғысынан кейін Түркияның ұшқышсыз ұшу аппараттарына қызығушылық таныта бастады. Солардың бірі-Өзбекстан. 


Өзбекстаннан кейін министр Чавушоғлу Қырғызстанға ресми сапармен келді. Түркіменстан мен Өзбекстандағыдай, ол мұнда өзінің әріптесімен де, Президентпен де кездесті.

Қырғызстанмен преференциялық сауда туралы келісімге қол қою бойынша жұмыстар өткізілуде. Қырғызстанда аймақтағы алғашқы "Маариф" қорының мектебі ашылатыны белгілі болды, бұл да сапардың ең маңызды нәтижелерінің бірі болды. Осы қадаммен аймақтағы FETO әсерін азайту жоспарлануда.


Көріп отырғанымыздай, Сыртқы істер министрі Чавушоғлуның Орта Азияға алты күндік сапары кезінде дипломатиялық қатынастардан бастап экономикаға дейін, энергетикадан көлікке дейін, мәдениеттен білімге дейінгі көптеген мәселелер талқыланды. Түркия мен түркі республикалары арасындағы қарым-қатынас алдағы бес жылдың күн тәртібіндегі тақырып болмақ. Басқаша айтқанда, Түркияның Сыртқы істер министрі осы сапар барысында, түркі республикалар арасындағы қатынастардың жол картасын жасады.

Түркия мен Орта Азия республикалары арасындағы қарым-қатынаста мәдени ынтымақтастық алға жылжуда. Бұл тұрғыда Түркі Кеңесі, түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы (TÜRKPA), Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы (TÜRKSOY), Түркі академиясы, Юнус Эмре институты (YEE), Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастығы басқарма  (YTB), Түркияның ынтымақтастық және Үйлестіру агенттігі (TIKA) маңызды үлес қосты.

Anahtar Kelimeler: TÜRKSOY, YEE, TÜRKPA, TIKA, YTB, Түркия, Қазақстан, Қырғызстан,

Жаңалықтар