100

Түркия-Украина қарым-қатынастарының 100 жылдық тарихы бар

Дипломатиялық тарихымыз 3-ші Ақпан 1992 жылдан басталса да, Осман Империясы кезеніңден бастаған терең саяси қарым-қатынастарымыз бар.

22 Şubat 2021 09:03


"Түркиямен Украинаның саяси қарым-қатынастары жоғары деңгейде"

Түркияның Киевтегі елшісі Яғмур Ахмет Гүлдере өзінің мәлімдемесінде: "Украина 1918-1919 жылдар аралығында тәуелсіздігін жариялады, және де Украина Халық Республикасы деп аталатынын еске салды, содан кейін Осман империясы мен Украина Халық Республикасы арасында өзара дипломатиялық өкілдік ашылды.


2020 жылдың 3 Ақпанында Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Киевке ресми сапармен келді. 4 Ақпанда мемлекеттік мұрағаттың басшысы профессор Угур Уналмен бірге мемориалдық тақтаны ашты. Осы тақта арқылы Түркияға, Украинаға және әлемге бір сөздері болған: Украина мен Түркия Кеңес Одағы ыдыраған кезде ғана танысқан емес, екі елдің қарым-қатынастарының терең тарихы бар.

Анкара бүгінде Киевке қаншалықты стратегиялық көзбен қараса, Осман империясы да Украина Халық Республикасына стратегиялық тереңдікпен қарады.

Гүлдере екі ел арасындағы өзара іс-қимылды рәсімдеудің бірінші кезеңі өкілдіктердің ашылуы болғанын ойлайды: "Бүгінде екі елдің арасындағы турист саны 2 миллионға жетті, сондай-ақ экономика катынастарымыздың деңгейі 2 миллиард долларға дейін өсті"- деді ол.

Жаңалықтар