5

Түркия-Әзірбайжан-Түркіменстан үш жақты Сыртқы Істер министрлерін 5-ші отырысы Түркияда өткізіледі

Түркия-Әзірбайжан-Түркіменстан үш жақты Сыртқы Істер министрлерін 5-ші отырысы 23 Ақпанда Түркияда өткізілетіні анықталды.

22 Şubat 2021 12:06

Түркияның Сыртқы Істер министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде Түркіменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары және Сыртқы Істер министрі Рашид Мередов ертең Түркияға ресми сапармен келетіні хабарланды.

Сапар барысында Түркіменстан мен Түркия арасындағы екіжақты қарым-қатынастар және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасу жоспарлануда сонымен қатар Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Мередовты қабылдайтыны мәлімденді.

 
Түркия-Әзірбайжан-Түркіменстанның 5-ші отырысы аясында Әзірбайжан Сыртқы Істер министрі Джейхун Байрамовпен Түркия Сыртқы Істер министрі Мевлют Чавушоглу екіжақты кездесу өткізетіні айтылды.

Отырыс барысында ұлтаралық қатынастарды және өңірлік мәселелерді дамытумен ынтымақтастыру үшін қабылдануы мүмкін қадамдар екіжақты және үшжақты ретінде қаралатыны атап өтілді.

Жаңалықтар