5

Түркия-Әзірбайжан-Түркіменстан үш жақты Сыртқы Істер министрлерін 5-ші отырысынан жаңа мәлімдеме

Түркия-Әзірбайжан-Түркіменстан елдерінің Сыртқы істер министрлері ортақ мәлімдемеге қол қойды. Мәлімдеменің бас тақырыптары - бейбітшілік, тұрақтылық және жалпы өркендеу болды. Отырыста ынтымақтастық мүмкіндіктерін дамытудың маңыздылығы да талқыланды.

24 Şubat 2021 12:06

Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу, Түркіменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередов және Әзірбайжанның Сыртқы істер министрі үш жақты отырыс аясында бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Министрлер бұрыңғы отырыстарда мақұлданған бірлескен декларацияларға бейілділігін растады.


Бейбітшілік, тұрақтылық және өркендеу

Тараптар бейбітшіліктің, тұрақтылықтың және жалпы өркендеудің жоспарларын құру жөніндегі өз пайымдарын атап өтіп, көпжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін дамыту үшін Түркия-Әзірбайжан-Түркіменстан үш жақты қатынастардың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар талқыланған тақырыптардың арасында - терроризм, экстремизм мен кемсітушіліктің барлық түрлері мен көріністері, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі, қару-жарақ пен адам саудасы, мәдени-тарихи қылмыстар және де киберқылмыс болды. Бұл мәселелер бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығы ескертілді.

Экономикалық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы


Сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, инвестициялармен саудаға жәрдемдесу үшін қолда бар әлеуетті пайдалану туралы, сондай-ақ энергетика, көлік, телекоммуникация, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, ғылым, білім, мәдениет, туризм және қоршаған орта саласындағы бірлескен жобалар мен бағдарламаларды іске асыру арқылы ынтымақтастықты одан әрі дамытуды қолдау туралы келіссөздер қолға алынды.

Көліктік және инфрақұрылымдық жобалар

Тараптар Транс-Каспий көлік дәлізінің "Шығыс-батыс" сияқты басқа транзиттік әлеуеттерді нығайту үшін айтарлықтай күш-жігер жұмсалу керектігін, осы тұрғыда Түркменбашы (Түркіменстан) мен Алат (Әзірбайжан) порттар арасындағы теңіз тасымалдарының маңыздылығы туралы айтты.

Министрлер Түркияға Әзірбайжаннан одан да көп мөлшерде табиғи газ алу және де Түркіменстанның энергетикалық ресурстарын Түркияға және қалған Еуропаға жеткізуге бағытталған энергетикалық жобаларды қолдайтынын тағы да ескертті.

 

Жаңалықтар