84

Түркияда бірінші полковник атағын алған әйел ұшқыш Шенай Гүнай 84 жасқа толды

Түркия тарихында маңызды орын алатын Шенай Гүнай 84 жасқа толады. Ол Түркиядағы полковник атағын алған алғашқы әйел ұшқыш.

25 Nisan 2022 17:28

Шенай Гүнай бастауыш және орта мектепті Антакияда бітірді.

Ыстанбұл университеті Заң факультетінің 2-курс студенті болған кезде Шенай Түркияда қыздардың да әскери мектептерге қабылданатынын естіді.

Гүнайдың әкесі Чанаккале соғысының, ал ағасы Кореядағы соғыстың құрметті ардагері. Шенай олардың ізімен жолына аттанды.

Әрқашан аспан туралы армандаған

Шенай 1956 жылдың 1 қарашасынан бастап Измирдегі әскери-авиациялық академияда оқуын бастады. 

1958 жылы 30 тамызда ол академияны сәтті аяқтап, лейтенант атағын алды.

Шенай Измир және Ескішаһар қалаларында авиациялық білімін жалғастырды.

1960 жылы ол әлемдегі алғашқы реактивті ұшқыштардың әйел ұшқыштары тізімінде орын алды.

Төсбелгісін мақтанышпен тақты

Авиациялық мектепте оқыған 12 қыздан екеуі ғана оқуды сәтті аяқта алды. Түрік ұшқыштарының бұл жетістігі бүкіл әлемнің назарын аударды және Шенай Гүнайдың суреті неміс журналдың бетінде жарияланды.

Көп ұзамай ол Етимесгуттағы 12-ші авиациялық базаның қолбасшысы болып тағайындалды. 

23 жыл 9 ай 3 күн әскери-әуе күштерінде қызмет еткеннен кейін Шенай Гүнай 1980 жылы 4 қыркүйекте зейнетке шықты.

Түркияда бірінші болып әйел полковник атағын алған Шенай Гүнай - ұшқыш қана емес, сонымен қатар суретші. Қазаргі уақытта Гүнай өмір жолын баяндайтын кітап жазуда.

Өз арманыңызды жүзеге асырыңыз

"Мен бір арманымды жүзеге асырдым. Себебі мен мұны жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасадым. Жастарға айтарым: өз арманыңызды орындау үшін барша күшіңізді салыңыз! Ол үшін күресіңіз! Ешқашан берілмеңіз!."- дейді зейнеткер полковник Шенай Гүнай ханым.

Жаңалықтар