26 Eylül 2021 22:09
1982 жылы Ауғанстандағы Памир үстіртінен Түркияға көшкен қырғыздар Йозгаттың Йенифакылы ауданында 7 жылға жуық тұрады. Елінен алыста өмір сүретін қырғыздар әдет-ғұрыптарын кұрметтеп, ұрпақтан-ұрпаққа беріп, сақтауға тырысады.
Мың жылдық дәстүрлі асық ойыны Йенифакылы ауданында жиі ойналады. Ата-бабаларынан қалған дәстүрлі ойынды құрметтеп жүрген қырғыздардың бірі Генжекүл Темір қырғыз мәдениетінің бір бөлігі болып саналатын осық ойынын үлкен маңызға ие болғанын айтты.
Асық ойыны– қазақ, қырғыз халықтарының ұлттық ойындарының бірі. Асықты далада, алаңда ойнайды. Асық ойнап өскен бала мерген, өзгелерден ептілеу, зеректеу, табандырақ, шыдамды болып келеді.
Асық сойылған қойдың, арқардың, ешкінің, киіктің асықты жілігінен алынады. Оны шикідей де, піскен күйінде де сіңірінен тазалап, пайдалана береді. Шикі асық салмақты, берік келеді. Асықты кез келген жерге тастай салсаң, не тұра қалады, не жатады ғой. Тұрса– не алшы, не тәйке, не омпы тұрады да, жатса– не бүк, не шік жатады. Жолында омпы тұрған асықты көрген қазақ жолым болады екен деп, ырымдап сүйіп алып, сақтап жүрген. Өйткені асық омпысынан өте сирек тұрады.