Түркияда Малазгирт шайқасына тиесілі жалғасып жатқан қазбалар аясында жебелер, найзалардың ұштары мен зеңбіректер табылды

"Малазгирттегі шайқас орнын анықтау, тарихи-археологиялық зерттеулер" жобасы жалғасуда. 

11 Ağustos 2021 19:37

Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінің Мәдени мұра және мұражайлар басқармасының рұқсатымен өткен жылы Муш Алпарслан және Мугла Сытки Кочман университеттерімен бірлесіп басталған "Малазгирттегі шайқас орнын анықтау, тарихи-археологиялық зерттеулер" жобасы жалғасуда. 

Мугла Сытки Кочман университетінің тарих факультетінің оқытушысы, профессор Аднан Чевиктің бастауымен шайқас жерін анықтау үшін 10 университеттен 35 академигінің қатысуымен, 3 жерде қазба жұмыстары жүргізілуде.

Қазба тобы Гулькуру ауылы мен Малазгирт арасындағы 12 шақырымдық жазықта жұмыс істеуде, жалғасып жатқан қазбалар аясында жебелер, найзалардың ұштары мен зеңбіректер табылды.

"Біз соғыстың қай жерде болғанын анықтағымыз келеді"

Профессор Чевиктің айтуынша, биыл олар жобаның екінші кезеңіне өтті және әр түрлі аймақтарда қазба жұмыстары жүргізілді. Шамамен 150 шаршы шақырым жерде Малазгирт пен Софан тауы арасында зерттеулер жалғасуда.

"Бұл жоба Малазгирт шайқасы болған жерді анықтауға, сондай-ақ еліміздегі жаңа сала болып табылатын әскери археология әдіснамасының негізін құруға бағытталған. Зерттеу барысында біз жебелер мен найзалар сияқты көптеген әскери материалдарды анықтадық. Біз осы қазба жұмыстары мен осы жылы сол жерде жүргізілетін бұрғылау жұмыстарының нәтижелерін құжаттауды жоспарлап отырмыз." - деді Чевик мырза.


Ұлы Селжук билеушісі Альпарсланның басшылығымен 50 мың адамнан тұратын әскери топ император Ромен IV басқарған 200 мың адамнан тұратын Византия әскері 1071 жылдың 26 тамызда Муштың Малазгирт жазығында бетпе-бет келді.

Сарбаздар саны өте аз болғанымен, Сұлтан Альпарсланның жеңісімен аяқталған Малазгирт шайқасы түріктерге Анатолы қақпасын ашты.

Жаңалықтар