Түркияда орналасқан Эге университетінде Түркі әлемі фестивалі өтуде

Фестивальге Орталық Азия елдерінен келген студенттер қатысты.

09 Mayıs 2022 15:56

Фестивальге Эге университетінің ректоры профессор, доктор Недждет Будак, Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКІСОЙ) өкілі Темір Давлетов, аталған университеттің Түркі дүниесі институтының оқытушысы профессор, доктор Мехмет Темізқан және Борнова әкімшілігінің өкілі Фатих Генел, сондай-ақ көптеген студенттер қатысты.

Үш күн бойынша жалғасатын фестиваль аясында түркітілдес халықтардың би мен әндері орындалады. Сонымен қатар дәстүрлі түркі ойындар ойналады деп жоспарлануда.

Жаңалықтар