2

Түркиядағы алапат өртпен күресу аясында Қазақстаннан жіберілген 2 тікұшақ және арнайы өрт сөндіруші тобы елімізге оралды

Өрт сөндіруші тобы қызметін аяқтап, Қазақстанға оралды.

22 Ağustos 2021 14:18

Түркияның Муғла аймағына жіберілген қазақстандық өрт сөндіруші тобы қызметін аяқтағаннан кейін арнайы салтанатты рәсімде марапатталды.

Рәсімге Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы және Даламан ауданының әкімі Али Гюльдоған қатысты.

Айта кетейік, Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінін мәліметінше екі Mİ-8AMT түріндегі тікұшақ және 16 кісілік сөндіруші қызметкер тобы Нұр-Сұлтан әуежайынан Түркияның Муғла аймағына жіберілген болатын.

 

 

Жаңалықтар