Түркияның астанасына тиесілі Бейпазар ауданы туристерді қызықтыруда

Тарихи үйлері және табиғатының сұлулығымен әйгілі Бейпазар ауданына жыл сайын мыңдаған туристер келуде.

17 Ağustos 2021 15:07

Туристік гид Бүлент Ердемли жасаған мәлімдемесінде Бейпазардың сұлулығын көрсетуге және насихаттауға күш салатындықтарын айтты, бұл өткен жылдармен салыстырғанда Бейпазарға келетін туристер санының едәуір өсуіне әкелді.

"Бейпазарға экскурсияға келген туристер бұл жерден риза болып кетеді. Біз ауданымызға келетін туристерге мейірімді және достық қарым-қатынаспен қараймыз. Қонақтарымызға жергілікті тағамдарымыз бен сұсындарды ұсынып, олардың жүрегін жаулап алуға тырысамыз,"- деп жалғастырды Ердемли.

Ердемли: "Бейпазардағы орманда серуендеуге тыйым салынғаннан кейін ішкі туризм айтарлықтай теріс әсерленді. Бұл сапарлар біздің қолөнершілерімізге экономикалық үлес қосады. Біз ауданның ең көрікті жерлерін көрсету үшін арнайы тур ұйымдастырамыз. Бейпазар - тарихи құрылымы, сарайлары, қонақ үйлері, моншалары, мұражайлары мен табиғи сұлулығымен керемет қоныс."

Жаңалықтар