Түркияның ежелгі Ани қалашағы

Карста орналасқан ежелгі Ани қалашағы туристердің назарын аударуда.

14 Mart 2022 15:32

Арпачайдың екі терең тар бұғазының ортасында орналасқан, 884-1045 жылдары Багратиялықтар мен 1045-1064 жылдары Византиялықтар басқарған Ани қалашығын 1064 жылғы 16 тамызда Сұлтан Алпарслан жаулап алып, Ұлы Селжук мемлекетінің аумағына енгізді.

Көптеген жылдар бойынша бірқатар өркениеттер өмір сүрген Ани қаласы шамамен 100 гектар жерде салынған, бұрын Аниде христиандар мен мұсылмандар тату түрде өмір сүрген.

Көптеген мәдени құндылықтардан тұратын қалашықта, сонымен қатар мешіттер, шіркеулер мен соборлар бар. Діни ғимараттардың әрқайсысы таң қаларлық сұлулық пен тарихи құндылыққа ие. Ани Кавказдан Анадолыға алғашқы қақпа ретінде де белгілі.

Ислам сәулет өнерінің туындыларын қамтыған және 2016 жылдың 15 шілдесінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енген ежелгі қала қар жауғаннан кейін жергілікті және шетелдік туристердің назарын аударуда.

"Бейбітшілік қаласы", "Өркениеттер бесігі", "Мың бір шіркеу" және "40 есігі бар қала" деп аталатын Ани қаласы Анадолыдағы алғашқы түрік мешіті, "Абул Менчер мешіті", "Аменапргич шіркеуі", "Ани", "Ани соборы", "Дикран Хоненца шіркеуі", "Абугамир Пахлавуни Шіркеуі" сияқты тарихи ескерткіштермен танымал.

Жаңалықтар