Түркияның Хатай қаласында ТҮРКІСОЙ саябағы ашылды

Саябақтың ресми ашылу салтанатына Түркиядағы түркі елдерінің Елшілері қатысты.

03 Nisan 2021 00:28

Түркияның Хатай ауданында ТҮРКІСОЙ халықаралық ұйымының саябағы ашылды. Саябақтың ашылу салтанаты Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстанның ұлттық әнұрандарының орындалуымен басталды.

Хатайдың әкімі Лютфу Саваш рәсімде сөйлеген сөзінде түркі елдерінің бауырластығына назар аударып, "ТҮРКІСОЙ паркі түркітілдес елдер арасындағы байланыстарды нығайтуға өз үлесін қосады" - деді.

"Хатай қаласында ТҮРКІСОЙ паркінің ашылуы және бұл паркта түркітілдес мемлекеттердің туларын желбірету – біздің халықтарымыз арасындағы ажырағысыз бауырластықтың белгісі" - деп атап өтті ТҮРКІСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасеинов.

Сонымен қатар Бас хатшы, Түркиядағы ТҮРКІСОЙ халықаралық ұйымына мүше елдердің елшілеріне, тиісті мекемелер мен лауазымды кісілерге бауырластық қатынастарды нығайтуға және саябақты ашуға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

 

Anahtar Kelimeler: ТҮРКІСОЙ,

Жаңалықтар