Түркияның Кония қаласында Қазақстан Республикасының құрметті консулдығы ашылды

Конияда еліміздің құрметті консулдығы салтанатты түрде ашылды.

15 Mart 2022 19:16

Рәсімге Қазақстанның Түркиядағы бұрыңғы Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Конияның әкімі Вахдеттин Өзкан, Конияның Бас прокуроры Рамазан Солмаз, Әділет және даму партиясының Кония бөлімшесі басшысы Хасан Ангы мен қазақ диаспорасы өкілдері және отандастарымыз қатысты.

Консулдықтың құрметті консулы Мұстафа Кавакчы - Конияда өндіріс саласындағы алдыңғы қатарлы компаниялардың иегері.

Аталған құрметті консулдықтың жоспарларында Конияда білім алушы жастардың консулдық кеңсесінде бірлігін құрып, елімізде инвестиция салуға ниетті түрік азаматтарына Қазақстандағы қолайлықтар жайлы акпарат беру.

Жаңалықтар