29

Түркияның Ұлттық Қорғаныс Министрі Хулуси Акар, "Ходжалы қырғынына - 29 жыл" атты фотосурет көрмесінің ашылу рәсімін өткізді

26-ші ақпан 1992 жылы армяндар тарапынан 613 бейбіт әзірбайжандықтар өлтірілді. Биыл Ходжалы қырғынынан кейін 29 жыл өтті. Түркияның Ұлттық Қорғаныс Министрі Хулуси Акар ашылған көрмеде бұл қырғында қаза тапқан адамдарды еске алып, дұға бағыштады.

11 Mart 2021 16:48

Акар, Бас штаб бастығы генерал Яшар Гүлер, Құрлық әскерлерінің қолбасшысы генерал Умир Дундар, Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Орамирал Аднан Өзбал және де әуе күштерінің қолбасшысы генерал Хасан Кучукакюз мырзалардың қатысуымен, орталық Әскер үйінде дайындалған "Ходжалы қырғыны" атты фотокөрмесінің ашылуын өткізді.

Әзірбайжанның Стамбулдағы Бас консулдығының қолдауымен ашылған көрмеде Акар мен қолбасшылар фотосуреттер туралы ақпарат алды.

"Бұл аяусыз қырғында қаза тапқан барлық әзірбайжандық бауырларымызға Алланың нұры жаусын, деп тілеймін. Оларды ешқашан ұмытпаймыз. Тарихымызды ұмытпаймыз бірақ болашаққа қарап, ұмтылуымыз керек. Ходжалыда, 29 жыл бұрын шейіт болған барлық адамдардың жатқан жерлері жайлы болсын." - деді министр Акар.

Anahtar Kelimeler: Ходжалы қырғыны, Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрі, Хулуси Акар,

Жаңалықтар