Түркияның мәдени мұрасы

Түркия ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілген құндылықтар саны бойынша жетекші 5 елдің қатарына кіреді.

01 Mart 2021 15:52

Ғасырлар бойы рухани байлықты сақтап келген түрік халқы бүгінгі күнге дейін өзінің мәдени құндылықтарын мұқият сақтап келеді. Түркия мәдени құндылықтардың көптігі тұрғысынан ең бай елдердің бірі болып табылады.

Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің материалдық емес мәдени мұраның ұлттық тізімінде 294 еңбек тіркелген. Оның 20-ы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралары тізіміне енгізілген.

Түркия ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілген құндылықтар саны бойынша жетекші 5 елдің қатарына кіреді.

ЮНЕСКО тізіміндегі Түркияның материалдық емес мәдени мұрасы:

1. Медда өнері (2008)

Меддахтар батырлық эпостарда, діни және тарихи әңгімелер мен аңыздарды айтып, орындайды

2. Мевлеви Рәсімі (2008)

Рәсім аясында мистикалық музыкамен бірге сема биі орындалады. Бірқатар діни рәсімдер орындалады.

3. Айтыс дәстүрі (2009)

Ауызша халық шығармашылығының бір түрі.

4.Наурыз (2009)

Орта Азия халықтарының кеңінен атап өтілетін мерекесі. 


5.Қарагөз (2009)

Халық ішіндегі әзілдеу дәстүрі.

6. Дәстүрлі әңгіме (2010)

Мәдени мұраны болашақ ұрпаққа беруде маңызды рөл атқарады. 


7. Күрес фестивалі (2010)

Балуандар денелеріне май жағып күреседі.

8. Алеви-Бекташ салттық биі  (2010)

Алла Тағалаға жету рәсімі. Музыкамен орындалатын діни салттық би.

9. Салтанатты кешкек (2011)

Кешкек-  бидай мен еттен жасалған дәмді тағам. Үлкен қазанда дайындалады. Оны дайындау кезінде бірқатар рәсімдер орындалады.

10. Месир майя фестивалі (2012)

400 жылдан бері жалғасып келе жатқан дәстүр.  Месир - дәмді әрі пайдалы тағам.

11.Түрік кофесі (2013)

12. Сурет өнері (2014)

13. Фарфордағы сурет өнері (2016)

14. Жұқа нан пісіру мәдениеті: лаваш, қаттама, жүпка, юфка (2016)

15. Көктем мерекесі: Қыдырлез (2017)

16. Ысқырған әңгіме (2017)

17. Қорқыт атаның мұрасы: Эпос, ертегілер және музыка (2018)

18. Дәстүрлі садақ ату (2019)

19. Миниатюралар өнері (2020)

20. Ұлттық зияткерлік Мангала ойыны (2020)

Жаңалықтар