Түркияның Мәдениет және туризм министрі Ерсой ТҮРКІСОЙ-да

Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой ТҮРКІСОЙ ұйымының ұйымдастырған Наурыз мерекесіне орай дайындалған іс-шараға қатысты.

23 Mart 2021 13:07

Министрді ТҮРКІСОЙ-дың Бас хатшысы Дүйсен Қасеинов қарсы алды, салтанаттық рәсім басталмастан бұрын Ерсой және Қасеинов Наурыз мерекесінің символдарының бірі - отты жақты.

Ерсой кіріспе сөзінде барша түркі халықтарды көктем мерекесімен құттықтап, тілек айтты. 

Наурыз мерекесінің түркі халықтар үшін өте маңызды болғанын атап өткен Ерсой, ТҮРКІСОЙ ұйымының ұйымдастыратын іс-шараларды бүкіл әлемге таратуға және мәдени қатынастардың күн сайын нығаюына бағытталған жобалардың жоспарланғанын хабарлады.

Өз кезегінде Қасеинов Түркияның Мәдениет және туризм министріне ТҮРКІСОЙ ұйымына берген қолдауы үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар Бас хатшы түркі халықтарының мәдениетін бүкіл әлемге таныту үшін қолдан келгенін жасайтына сенім білдірді.

Іс-шара барысында Ерсой мырзаға арнайы "Абай медалі" табыс етілді, сонымен қатар Наурыздың символы - "Семени" (бидай) сыйға тартылды. Қонақтарға мерекелік палау ұсынылды.

Anahtar Kelimeler: ТҮРКІСОЙ, Наурыз,

Жаңалықтар