Түркияның мәнерлеп сырғанау спортындағы жетістігі

Түркия Республикасының мәнерлеп сырғанау Федерациясының президенті Гокхан Өздемир, Болгарияның астанасы Софияда өткен трофей турнирінде ұлттық спортшылардың 1-ші орынға ие болғанын хабарлады

03 Mart 2021 15:16

Өздемир өз мәлімдемесінде коронавирустың жаңа түріне (Ковид-19) байланысты жарыстары тоқтатылған спортшылардың, ұзақ үзілістен кейін үлкен жетістіктерге жеткенін айтты.

Өздемир спортшыларға барлық қолдау көрсетілгенін атап өтіп, бірінші кезеңде жаттығулар онлайн өткізілгенін айтты. 

Өздемирдің айтуынша, эпидемия шектеулері жеңілдетілгеннен кейін спортшылар мен жаттықтырушылар жұмысын жалғастыра тұрып, ұлттық жарыстарға дайындалды. Алдымен Мажарстанда, содан кейін София трофей жарысында жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

"Барлық спортшылар мен жаттықтырушыларды құттықтаймын. Біз инфрақұрылымға көп көңіл бөлеміз, біздің спортшылар болашақтың олимпиадалық спортшылары болады. Бұл жетістік Олимпиадаға да әсер етеді деп сенемін." - деді ол. 

Болгарияның астанасы Софияда өткен мәнерлеп сырғанау конкурсында ұлттық спортшылар жалпы алғанда 16 медаль ұтты, оның ішінде 6 алтын, 6 күміс және 4 қола медалі болды. Түркия алынған рейтингтердің жалпы саны бойынша командалық біріншілікте бірінші орынға ие болды. 

Anahtar Kelimeler: мәнерлеп сырғанау, Түркия Республикасының мәнерлеп сырғанау Федерациясы, София,

Жаңалықтар