9

Түркияның Ниғде қаласында "9-шы Түркі әлемін зерттеу жөніндегі халықаралық симпозиум" өтуде

Ниғде Өмер Халисдемир университетінде "9-шы Түркі әлемін зерттеу жөніндегі халықаралық симпозиумы" өтуде.

07 Haziran 2022 23:15

Ниғде қаласының әкімі Мұстафа Коч, Шейіт Өмер Халисдемир конференция-мәдени орталығында, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті және Баку Еуразиялық университетінің ұйымдастыруымен іске асырылып келе жатқан симпозиумның салтанатты ашылу рәсімінде Түркі әлеміндегі ынтымақтастық және бауырластықтың жалғасып келетініне сенімін білдірді.

Өмер Халисдемир университетінің ректоры, профессор доктор Хасан Услу симпозиумның Түркі әлеміне тіл, әдебиет, тарих, халықаралық қатынастар және әлеуметтік ғылымдардың, саясат, материалдық және рухани құндылықтар, экономикалық мәселелер сияқты көптеген салаларда қажетті ғылыми зерттеулермен алмасуға негіз беру мақсатында өткізілгенін атап өтті.

Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті ректорының орынбасары, профессор доктор Закир Жұмақұлов Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап түркологиялық зерттеулердің дамуына үлесін қосып келе жатқанын атап өтті.

Аталған симпозиум 10 маусымға дейін жалғасады.

 

Жаңалықтар