Түркияның Ниғде қаласында Наурыз мерекесіне орай арнайы концерттік бағдарлама болып өтті

Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы, Ниғде әкімшілігі мен университеті бірлескен іс-шара ұйымдастырды.

24 Mart 2022 00:52

Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов Наурыз мерекесінің жылдың басы екенін атап өтіп, "Наурыз - бірліктің және молшылықтың символы," - деді.  Бас хатшы ТҮРКІСОЙ ұйымының 1993 жылдан бастап Наурыз мерекесіне орай халықаралық іс-шаралар ұйымдастырып, 30-ға жуық елде концерттік бағдарлама өткізгеніне назар аударды.

Іс-шара барысында түркітілдес халықтардың мәдениеті және ұлттық ойындар көрсетілді.  Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан және Босния мен Герцеговинадан келген бишілер өнер көрсетті.

 

Жаңалықтар