Түркияның Президенті Ердоған ресми сапармен Өзбекстанда

2-ші жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі өткізілмек.

29 Mart 2022 17:25

Түркияның Президенті Режеп Тайип Ердоған екі күндік ресми сапармен Өзбекстанда.

Түркияның Мемлекет басшысын Ташкентте Өзбекстан президенті Мирзиеев ресми рәсіммен қарсы алды.

Келіссөздер барысында екіжақты қатынастар мен өңірлік мәселелер талқыланады.

Екі көшбасшының жеке кездесуінен кейін, Жоғары деңгейдегі Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі кеңестің 2-ші отырысы өтеді.

Ердоған мен Мирзиеев, сонымен қатар Түркі мемлекеттері ұйымының қадамдарын талқылайды деп күтілуде.

Сондай-ақ, Ресейдің Украинаға шабуылынан кейінгі процесс келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі болады.

Ердоған сапарының екінші күні Хиуа қаласына барып, келіссөздер жүргізеді деп күтілуде.

Жаңалықтар