Түркияның Сыртқы істер министрі Чавушоғлу: Біз тұрақты және қауіпсіз тасымалдау желілерінің қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет көрдік

Түркияның Сыртқы істер министрі Чавушоғлу: Біз тұрақты және қауіпсіз тасымалдау желілерінің қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет көрдік.

28 Haziran 2022 14:12

 

Қазақстан-Түркия-Әзірбайжан үшжақты кездесудің сәтті өткенін атап көрсеткен Чавушоғлу Әзірбайжан қарулы күштері күнімен не құттықтап өтті. Чавушоғлу: «Әзірбайжан әскері Отан соғысында бүкіл әлемге ерлігін және түркі елдердің күшін көрсетті. Осы орайда барша шейіттерімізді тағы да рақым және алғыспен еске аламыз» деді. 

Чавушоғлу үшжақты форматта өткен кездесудің алғаш рет өткізілгенін айтып, көлік мәселелерімен қатар аймақтық мәселелердің де талқыланғанын айтты.

Айта кетейік, жиналысқа Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілуберді, Түркияның Сыртқы істер министрі Мәуліт Чавушоғлу, Әзірбайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов, Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Қараисмайлоғлу, Әзірбайжанның Көлік, байланыс және жоғары технологиялар министрі Рашад Нәбиев қатысты.

Үш елдің делегацияларының кездесуінен кейін Тілеуберді, Чавушоғлу және Байрамов бірлескен декларацияға қол қойды.

Жаңалықтар