Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу, қазақстандық әріптесі Мұхтар Тілеубердімен ортақ баспасөз конференциясына қатысты

Чавушоглу Түркия-Қазақстан қарым-қатынастарының ынтымақтастығын одан да дамыту және өңірлік бастамаларды көбейту мақсат етілгенін хабарлады

17 Mart 2021 19:05

Түркияның Сыртқы істер министрі Чавушоглу Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мырзамен жеке және де делегациямен өткізілген кездесулерден кейін ұйымдастырылған ортақ баспасөз конференциясында сөз сөйледі.

Жақында Орта Азияға ресми сапармен барған Чавушоглу, өзінің әріптесі Тілеубердінің Түркияға келгенін түркі әлемінің ынтымақтастығын одан да нығайтатынын атап өтті.

Чавушоглу, Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығын құттықтай отырып, мерекеге орай бірлескен іс-шаралар жоспарларының талқыланғанын айтты.

Түркияның Сыртқы істер министрі екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық кеңестің төртінші саммитін дайындалығының басталғанын және осы жұмыс аясында стратегиялық жоспарлау бойынша бірлескен жиналыс өткізілгенін хабарлады. Министр жиналыста екіжақты қатынастардың барлық аспектілерін бағаланғанын мәлімдеді. 

Эпидемияға қарамастан екі елдің сауда айналымының төмендемегенін ескерткен министр, бірінші кезеңде екі елдің мақсаты 5 миллиард доллар, содан кейін 10 миллиард доллар болғанын атап өтті.

Екі министрдің ресми кездесулерінде сауда, экономика, көлік, қауіпсіздік, қорғаныс өнеркәсібі, консулдық мәселелер сияқты көптеген мәселелер талқыланды, сонымен қатар Қазақстан мен Түркия арасындағы кейбір келісімдерді жаңарту жұмыстары басталды, деп хабарланды. 

Чавушоглу, баспасөз конференциясында жоғары деңгейдегі стратегиялық кеңестің төртінші саммитінде 20-ға жуық келіссөзге қол қою көзделгенін мәлімдеді.

Екі елдің Сыртқы істер министрлерінің кездесуі барысында Ауғанстан, Кипр, ұйғыр түріктері, Ресеймен қарым-қатынас сияқты басқа да мәселелердің талқыланғаны хабарланады.

"Біздің мақсатымыз - қарым-қатынастарымызды одан әрі ілгерілету және екіжақты қатынастармен қатар, өңірлік бастамаларымызды нығайту. Азиядағы ынтымақтастық пен сенімді даыту шаралары жөніндегі конференцияны басқарған Қазақстан үкіметіне алғысымызды білдіреміз" - деп толықтырды Мевлют Чавушоглу. 

Жаңалықтар