Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу, "Манас" қырғыз-түрік ортақ университетінің студенттеріне жолдау жасады

"Біз Орта Азияның басқа елдерін де Әзірбайжан және Грузия елдерімен бірге жүзеге асырылған жобаларға қатысқанын қалаймыз. Түркіменстан, Өзбекстан және Қырғызстанға жасалған ресми сапарларда бұл тақырып аса мыңызды болып талқыланды" - деді Чавушоглу.

10 Mart 2021 23:41

Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу "Манас" қырғыз-түрік университеті ұйымдастырған "Анталия дипломатиялық форумына" қатысып, "Инновациялар және жаңа сынақтарға қатысты ынтымақтастық" тақырыбында баяндама жасады.

Чавушоглу, Түркия мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынастардың  стратегиялық серіктестікке негізделгенін атап өтті. Бүгінгі таңда екі ел де экономика, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да салаларда ынтымақтастықты тереңдететінін атап өтті.

Министр пандемия басталғаннан кейін "Достық" қырғыз-түрік ауруханасы жұқпалы аурулар ауруханасы ретінде ашылып, науқастарды қабылдағанын еске салды.  

Чавушоглу, екі елдің білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығы дамып келе жатқанын атап өтіп, жақын арада Бішкекте "Маариф" мектебі ашылатынын хабарлады, сондай-ақ бұл оқу орны Орта Азиядағы "Маариф" қорының алғашқы мектебі болатынын атап өтті.

"Тез дамып келе жатқан әлемде білім, көзқарас, ойлау, жаңа перспектива, тәжірибе және көшбасшылық сыртқы саясаттың негізгі принциптері болып табылады" - деді министр. Чавушоглу, 2019-да жұмысын бастаған "Анталия дипломатиялық форумы" аясында бүгінгі күнге дейін бірқатар отырыстар өткізілгенін хабарлады.

"Бай елдер 10-15 баспана іздеушілерді қабылдамау ұшін барлық кедергілерді тудырып жатқанда, біз шамамен 10 жыл ішінде 4 миллион босқындарды қабылдадық. Біз әлемнің кез-келген жерінде, тіліне, дініне, нәсіліне қарамастан, қудаланған немесе қысым көрген азаматтарға көмек көрсетеміз", - деді ол.


Министр Чавушоглу көрнекті жазушы Шыңғыс Айтматовтың "әлемнің кез келген нүктесінде жасалған әрбір қылмыс пен әрбір зұлымдық бәрімізге қатысты" деген сөзін мысалға келтірді.

Мевлют Чавушоглу түркітілдес елдерді біріктіретін Түркі Кеңесінің қызметі туралы айта келіп, өзара ынтымақтастық жақсы деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті.

ФЕТО туралы ескерту

Чавушоглу жастарды ФЕТО сияқты қауіпті топтардан аулақ болуға шақырды.

"Дәстүрді ұмытпаңыз, бірақ болашаққа ашық болыңыз. Уақыт талабына қарамай, қоғамды алға тартатын азаматтар болыңыз. Әрқашан еркін ойлаңыз. ФЕТО сияқты зиянды ағымдардан сақ болыңыз" - деді Чавушоглу.

Anahtar Kelimeler: Түркияның Сыртқы істер министрі, Мевлют Чавушоглу, қырғыз-түрік, Манас университеті,

Жаңалықтар