Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу, Түркіменстан және Өзбекстанда іске асырылған ресми сапарларды бағалады

"Түркіменстан мен Өзбекстанда нәтижеге бағытталған және үш ел ушін де өте пайдалы ресми кездесулер жүзеге асырылды" - деді Түркияның СІМ басшысы

10 Mart 2021 20:14

Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу, Түркіменстан мен Өзбекстанға жасалған ресми сапарлардың нәтижелі болғанын хабарлады.

Министр, "Анадолу" агенттігі мен TRT телеарнасына берген сұхбатында, іске асырылған ресми сапарлардың қорытындысын жасады. Чавушоглу, бауырлас елдерде өткен кездесулерді достық атмосферада болғанын, сонымен қатар нәтижеге бағытталғанын мәлімдеді.

6-9 наурыз күндері жүзеге асырылған отырыстар аясында, Түркияның дипмиссиясы Түркіменстан және Өзбекстан президенттерімен де кездесті. Серіктестік, ынтымақтастық және де қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған келіссөздерге қол қойылды.

"Тараптар Түркі әлемінің бірлігін, ынтымақтастығын және энергетикалық, сауда дәліздері мен көлік саласына қатысты мәселелерді шешуде сындарлы көзқарас танытты" - деді түрік СІМ басшысы.

Чавушоглу, Өзбекстанның түрік қорғаныс өнеркәсібінің өнімдеріне сұранысы болғанын хабарлады, сонымен қатар шет елдердегі UAV және Түркия шығарған бронды автомобильдерге деген сұранысқа назар аударды."Елімізде өндірілген қорғаныс өнеркәсібі сапалы әрі тиімді бағасымен ерекшеленеді" - деді министр.

Түркияның ұшқышсыз ұшу аппараттарына (ҰҰА) қызығушылық танытып отырғанын атап өткен Чавушоглу: "Біздің бронды техникамызға болсын, басқа әскери қажеттіліктерге болсын, үлкен қызығушылық бар, өйткені біздің өнімдеріміз өте сапалы, бәсекеге қабілетті бағаға ие және ешқандай саяси алғышарттарға ие емес. Жақында Халықаралық Қорғаныс өнеркәсібі көрмесі (IDF) және де ғарыштық технологиялар фестивалі (Технофест) өткізіледі"- деді.

Чавушоглу, сонымен қатар, Түркия мен Өзбекстан арасындағы преференциялық сауда туралы келісім туралы мәлімдеме жасады. Министрдің айтуынша, егер екі ел келісе алса, келісімге саммит шеңберінде қол қойылатын болады.

Чавушоглу, Өзбекстан мен Түркияның қарым-қатынастарын да бағалады. Министр, соңғы 4 жылда екі ел арасындағы көпжоспарлы және терең ынтымақтастық дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, бұдан да үлкен мүмкіндіктер бар екенін атап өтіп, Түркия-Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі дамуына ықпал ететінін айтты. Өзбекстан президенті реформалар жүргізіп жатқанын және де бұл екі елдің экономикалық қарым-қатынастарына жағымды әсер еткенін атап өтті. Министр, Анкараның Өзбекстандағы реформаларды іске асыру процесін алдағы уақытта да қолдауға әзір екенін еске салды.

Чавушоглу берген сұхбатында, Түркіменстанның бейтараптық саясаты Анкара мен Ашхабадтың екіжақты қатынастарына кедергі емес екенін атап өтті.

Чавушоглу, Әзірбайжан мен Түркіменстан Каспий теңізіндегі көмірсутекті кен орнын бірлесіп зерттеу және дамыту туралы келіскеннен кейін, Түркияның бұл процеске қатысуы немесе қатыспауы туралы сұраққа жауап ретінде бұл мәселені екі тараппен де талқылағанын атап өтті. Чавушоглу, жақын арада президент Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен үшжақты кездесулер мен саммиттер, сондай-ақ Түркия-Түркіменстан саммиті және Түркия-Түркіменстан-Әзірбайжан саммиті өтетінін хабарлады.

 

Жаңалықтар