Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Түркияның Самарқан Бас консулдығының ашылу рәсіміне қатысты

Чавушоглу Самарқанда Түркияның Бас консулдығын ашылу рәсімін өткізді

07 Mart 2021 21:19

Чавушоглу, Өзбекстан премьер-министрінің туризм жөніндегі орынбасары Азиз Абдулхакимовпен, Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен, Түркияның Ташкенттегі елшісі Олган Бекармен және Түркияның Самарқандағы Бас консулы Салих Джанермен бірге Түркияның Самарқандағы Бас консулдығының ашылу рәсіміне қатысты.

 "Түркия Өзбекстанды тәуелсіз ел ретінде мойындаған және де елшілігін ашқан бірінші ел болған" - деді Чавушоглу. Министр Самарқанның тарихи Жібек жолының орталығы және халықтардың кездесу орны болып табылатынын атап өтіп, Өзбекстан президентінің басшылығымен Самарқанда жағымды өзгерістер пайда болғанын мәлімдеді. 

"Біз сондай-ақ әкім Еркінжан Турдимовтың Самарқанды брендтік қалаға айналдыру жөніндегі жұмысын мұқият қадағалаймыз.  Өзбекстан көптеген ислам ғалымдарының отаны", - деп толықтырды Чавушоглу.

Чавушоглу, делегацияның ресми сапары аясында Өзбекстанның тарихи, мәдени және діни мұрасын көруге мүмкіндік болғанын ескертті. 

Ертең Ташкентте Чавушоглу және оның Өзбекстандағы әріптесі Камилов кездесіп, қарым-қатынастарды одан әрі дамыту бойынша пікір алмасып, жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысын дайындалатыны хабарланды.

Сонымен қатар Түркияның Сыртқы істер министрі Чавушоглу және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтың ресми кездесуі жоспарлануда. 

Anahtar Kelimeler: Түркияның Бас консулдығы, Шавкат Мирзиеев, Мевлют Чавушоглу,

Жаңалықтар